13 Қыркүйек 2017, 12:30
Бүгін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын таныстыру аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Cisco компаниясының ТМД бойынша Вице-президенті Джонатан Спэрроумен және Co-Founder Hyperloop басшысы Шервин Пишевармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қазақстанда цифрлық индустрияны дамыту аясында ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу