Жолдауды іске асыру бойынша іс-шаралар бюджеттің бос қалдықтары есебінен қаржыландырылады — Б. Сұлтанов

Бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында белгіленген іс-шараларды қаржыландыру тетіктері туралы айтты.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда республикада бюджеттің бос қалдықтары бар — 125 млрд теңге және 100 млрд теңгеден астам жергілікті бюджеттердің бос қалдықтары.

«Олар жыл сайын бюджетті нақтылауға арналған көз болып табылады. Осы жолы олар сондай-ақ Жолдауда айтылған Президент тапсырмаларын іске асыру үшін пайдаланылады», — деп түсіндірді Бақыт Сұлтанов.

Қаржы министрі бүгінде алдын ала есептеулер жүргізіліп жатқанын баса айтты. Түпкілікті сомалар Жолдауды іске асыру бойынша Жалпыұлттық жоспар дайын болғанда мәлім болады.

«Сонда біз Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген барлық іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін сәйкес дайындық іс-шараларын бастаймыз», — деп нақтылады Бақыт Сұлтанов.

Бюджеттің атқарылмауы бойынша жауапкершілік мәселелеріне келер болсақ, Бақыт Сұлтанов айтып өткендей, қаржы министрлігі барлық жергілікті және орталық органдармен жұмыс жүргізді, алдын ала шешімдер қабылданды.

Алдында ҚР Үкіметі отырысында қаржы министрі 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуының алдын ала қорытындысын жариялаған болатын.

«Мемлекеттік бюджет кірістері 102,2% атқарылды, немесе 7153 млрд теңге жиналды. Өсім өткен жылмен салыстырғанда 10,9% құрады», — деп баяндады министр Б. Сұлтанов.

Республикалық бюджетке 5012 млрд теңге сомасында, немесе жоспарға 101,2% кірістер түсті. Асыра орындау сомасы 59 млрд теңгені құрады. Жергілікті бюджеттердің жеке кірістері 104,6% атқарылды, немесе 95 млрд теңгеге асыра орындалды. Жергілікті бюджеттер бойынша кірістер 2142 млрд теңгеге, немесе 104,6% атқарылды.

Бұдан өзге, 2017 жылы республикалық бюджет шығындарын орындау рекордтық жоғары — 99,8% немесе 11 156 млрд теңге (2016 жылы – 98,3%). 2016 жылмен салыстырғанда шығындар өсімі 8% құрады.

«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарастырылған қаражат 99,9% немесе 472,3 млрд теңгеге игерілді. Қаражат келесілерге бағытталды:

  • көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту — 325,8 млрд теңге;
  • индустриялық инфрақұрылымды дамыту — 16,3 млрд теңге;
  • ТКШ және тұрғын үй құрылысы — 51,7 млрд теңге;
  • білім беру саласында инфрақұрылымды дамыту — 68,1 млрд теңге;
  • Қазақстанның ХҚО-мен бірлескен жобалардағы үлесіне — 10,4 млрд теңге.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу