16 қаңтарда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 16 қаңтарда сағат 10:00-де, Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

• Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы.

• Жекешелендіруді жүргізу барысы.

• Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды формализациялау жөніндегі шаралар.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басшылығы өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Үкімет отырысы мен баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу