Оқушыларға жүктеме азайтылады — Ш. Каринова

Бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Шолпан Каринова оқушылардың жүктемесін төмендету мәселесіне түсініктеме беріп өтті.

Президент Н. Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында Қазақстандағы оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және ЭЫДҰ елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін атап өтті. Мемлекет басшысы оны төмендетуді тапсырды.

Шолпан Каринова брифинг барысында ҚР БҒМ оқушыларға жүктемені азайту бойынша жүйелі әрі мақсатты бағдарланған жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. 2017 жылдың сәуір айында «Үй тапсырмасын реттеу туралы» бұйрық қабылданды. Соның нәтижесінде, бүгінде балаларға арналған үй тапсырмалары ⅓ қысқартылды.

Сонымен қатар Ш. Каринова бұйрық білім берудің барлық деңгейлерінде және әр пән бойынша нақты нормалар көрсетілгенін айтты. Үйде орындалатын оқу жүктемесі 150 минуттан аспауы керек.

Оқушыларға жүктемені азайту жұмыстары жалғастырылып жатыр. Бүгінгі күні бұл мәселені педагогикалық қоғамдастық кеңінен талқылауда. Санитарлық талаптарға бес жұмыс күніне сай келетін нормалар енгізілді. Қазір министрлікте оқушының апталық жүктемесін азайту бойынша жұмыс тобы қызмет көрсетеді.

«Жұмыс нәтижелері өңірлерге жеткізіледі және тиісті нормативтік құжаттар қабылданады», — деді Шолпан Каринова.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу