Бақытжан Сағынтаев Кемероводағы қайғылы жағдай туралы: «Бұл оқиғадан сабақ алуымыз керек»

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев күн тәртібіндегі мәселелерден тысқары, Кемерово қаласында орын алған қайғылы оқиғаға байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Бақытжан Сағынтаев көп адам қаза тапқан Кемероводағы қайғылы оқиғаны еске алды.

«Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентіне ресми түрде көңіл айтты. Біз бұдан сабақ алуымыз керек», — деді ҚР Премьер-Министрі.

Осыған байланысты Ішкі істер министрлігіне және өртке қарсы қызметтерге әкімдермен бірлесіп барлық сауда орталықтарына тексеру жүргізіп, қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу