Бақытжан Сағынтаев «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында сын-тегеуріндерді басқару және ішкі бақылау саясаты, 2017 жылдың IV тоқсанындағы «Самұрық-Қазына» АҚ Комитеттерінің есептерін бекіту, сондай-ақ Қорды трансформациялаудың жаңартылған бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды.

Анықтама: ҚР Президентінің Жарлығымен 2008 жылы «Самұрық-Қазына» қорының негізі қаланды. Инвестициялық холдингтің міндеті — ҚР ұлттық әл-ауқатын арттыру және ұлттық экономиканы жаңғыртуды қолдау. Қор қоржындық компанияларды олардың ұзақмерзімді құнын және тұрақты дамуын арттыру үшін, сондай-ақ ұлттық экономиканың басымдықты секторларын дамытуға инвестицияларды өткізу арқылы басқарумен айналысады.

 

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу