Мемлекет басшысы «Біржан-Сара» операсына барды

Мемлекет басшысы «Бурабай» курортының аумағында композитор М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының ашық аспан астында өткен қойылымына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Басты партияларды халықаралық байқаулардың лауреаты М. Байнеш, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты М. Мұхамедқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ж. Шыбықбаев, Д. Хамзина және С. Ахметова орындады. Операның қоюшы-дирижері — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Мұхитдинов, қоюшы-режиссері — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А. Маемиров.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу