Б. Сағынтаев JP Morgan Chase өкілдерімен инвестициялық ынтымақтастық келешегін талқылады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев басқарма төрағасы Джейкоб Френкель бастаған JP Morgan Chase International өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында инвестицияларды дамыту саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ, компанияның жекешелендіру бағдарламасына қатысуы, соның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысы аясында қатысуы және АХҚО биржасы алаңында ұлттық компанияларды IPO-ға шығару мәселелері талқыланды.

JP Morgan Chase — ғаламшардағы бұрыннан келе жатқан конгломераттардың бірі және инвестициялық әрі коммерциялық банк қызметтері саласының көшбасшысы. 1799 жылы негізі қаланған. Штаб-пәтері Нью-Йоркте орналасқан, 260 мыңнан астам қызметкері еңбек ететін әлем бойынша офистері бар.  

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу