20 желтоқсанда сағат 15:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сәрсенбі күні, 20 желтоқсанда сағат 15:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде:

— Мемлекеттік қызмет көрсету және электронды үкіметті дамыту мәселелері; 

— Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын және өңірлер халқын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспарларын іске асырудың алдын ала қорытындылары;

— Мемлекеттік статистика туралы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз орталығында ұлттық экономика министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ білім және ғылым министрлігі өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Үкімет отырысының және баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу