28 қарашада Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 28 қарашада сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде — «ҚР 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасы, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, сонымен қатар Қоғамдық кеңестер қызметі: мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының жаңа мүмкіндіктері. 

Үкімет отырысының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу