30 қаңтарда Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді

Сейсенбі күні, 30 қаңтарда сағат 10:00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде:

• ҚР Үкіметі мен ҚР Ұлттық банкінің экономикалық саясаттың 2018 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі.

• Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру.

• Бәсекелестікті дамыту.

• Пхенчхан қаласындағы 2018 жылғы ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындарына дайындық барысы. 

Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Арман Евниевтің, «Амиран» Қазақ тағамтану академиясы зауытының бас директорының орынбасары Жанкелді Әбжаппаровтың, «Атамекен Агро» ЖШС директоры К. Исламовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Тікелей таратылымдарды PrimeMinister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу