Ә. Смайылов көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету бойынша кеңес өткізді

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету бойынша нысаналы индикаторларды талқылау жөнінде кеңес өтті.

Отырыс барысында көлеңкелі экономика деңгейін есептеу кезінде оларға мониторинг жүргізудің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдағы ілгерілеуді көрсететін нысаналы индикаторлар талқыланды.

Отырыс барысында 10 көрсеткішті қамтитын негізгі индикаторлар тізбесінің жобасы талқыланып, бекітілді.

Бекітілген индикаторлардың төртеуі заңсыз әрекеттерді (браконьерлік, есірткі, контрабанда және контрафактілік өнім) бағалайды. Оларға қол жеткізу үшін профилактикалық жұмыс, белсенді өзара іс-қимыл және қылмыстың ұйымдасқан түрлерінің жолын кесу қажет. Сондай-ақ үш көрсеткіш салық, кедендік алымдар және қолма-қол ақшасыз төлемдерді қамтиды.

Сонымен қатар, «Шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі», «респонденттердің жалпы санындағы статистикалық есептілікті ұсынбағандардың үлесі» сияқты көрсеткіштер енгізілген.

Аталған нысаналы индикаторлар мемлекеттік органдарды Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында көрсетілген көлеңкелі экономика үлесінің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттайды.

Ә. Смайылов кейбір негізгі көрсеткіштерге қажетті өзгерістер енгізуді және көлеңкелі экономиканы есептеу әдістемесін мемлекеттік органдарға түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Еске салайық, Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай көлеңкелі экономиканы 15%-ға дейін төмендетуді тапсырған болатын. Бүгінде көлеңкелі экономика 20,23%-ға дейін қысқарды.

Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарында көлеңкелі экономика деңгейінің төмендеуінің кезең-кезеңімен жылдық болжамы бекітілген. Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу