Бүгін Қазақстан Президенті Қ. Тоқаев бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Мемлекет басшысы:
«Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңына;
«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындауды беру туралы конвенциясын ратификациялау туралы» ҚР Заңына;
«Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз