Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесі, ауыл шаруашылығы және кеден қызметі мәселелері бойынша бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысы: 

  • «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңына; 
  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына; 
  • «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңына; 
  • «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы жануарларымен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыс жүргізуді біріздендіруге бағытталған шаралар туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңына; 
  • «2011 жылғы 22 маусымдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу