Қ. Тоқаев бірқатар кадрлық тағайындау жасады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

  • Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

  • Сабыр Сайлаубекұлы Есімбеков Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу