Президент ҚХА жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы Өкімге қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясы 2021 жылғы 28 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев орталығында «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібімен шақырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

 

Қазақстан Республикасының  Президенті   Қ. Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 20 наурыз

                            № 175

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу