Александр Суханов ҚР Қауіпсіздік кеңесінің талдау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды

Бүгін Мемлекет басшысының Өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мемлекет басшысының Өкімімен Александр Владимирович Суханов ҚР Қауіпсіздік кеңесінің талдау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды

Бұған дейін А. Суханов ҚР Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған болатын. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу