28 Қараша 2022, 19:30
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Үкіметте Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысқа қатысушылар теміржол жүк тасымалы нарығындағы жағдайды, жеке компаниялардың магистральдық теміржол желілеріне қол жеткізу мәселелерін, сондай-ақ ірі өңірлік электр станциясының жұмысын қарастырды.

Сонымен қатар Премьер-Министр уәкілетті мемлекеттік органдарға қатты пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға бірқатар лицензия берудің заңдылығын тексеруді жалғастыруды тапсырды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу