Асқар​​ Мамин​ Қазақстан-Қытай бірінші Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

​11-12 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Қытайдың Наньнин​ ​қаласында China-ASEAN Expo көрмесі аясында өткен Қазақстан-Қытай І Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты және сөз сөйледі. Форум жұмысына сондай-ақ ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-Премьері Чжан​​ Гаоли қатысты.

Өңіраралық ынтымақтастық форумына Қазақстан мен Қытайдың Мемлекет басшылары Нұрсұлтан​ ​Назарбаев пен​ Си Цзиньпин бастамашы болды.

Қазақстан тарапынан Форумға өңірлердің басшылары қатысуда: Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Қостанай облысының әкімі Архимед​  Мұхамбетов, облыс әкімдерінің орынбасарлары, ҚР министрліктерінің, ұлттық компанияларының, бизнес қауымдастықтарының өкілдері. Қытай тарапынан – провинциялардың басшылары, ҚХР мемлекеттік органдарының және ірі компанияларының басшылары.

​«Біздің мемлекеттеріміздің Басшыларының бастамасымен ұйымдастырылған форум елдеріміздің арасындағы достықты, тату көршілікті және стратегиялық серіктестікті нығайтуға жаңа серпін береді», - деді Асқар Мамин және «ҚР мен ҚХР өңіраралық ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша екіжақты диалог пен тиімді кеңесу үшін бірегей алаң ретінде Форумның маңыздылығын» атап өтті.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары «Нұрлы​ ​ жол»​ бағдарламасын​ «Бір белдеу – бір жол» жобасымен ұштастыру тұрғысынан Форумның дер кезінде өткізіліп отырғандығын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жібек жолы Экономикалық белдеуін» «Нұрлы жол» бағдарламасымен ұштастыру бойынша бастамасы инвестициялар тартуға және инфрақұрылымдық жобалар бойынша екі елдің іс-әрекетін үйлестіруге мүмкіндік берді»,​ - деп атап өтті ​А. Мамин және екі елдің экономикаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жобалардың табысты іске асырылып жатқандығын баса айтты.

Екі елдің экономикалық өсімінің, сауда, инвестициялық, көлік-транзиттік ынтымақтастығын дамытудың іргетасы ретінде Форумның маңыздылығын атап өткен А. Мамин 2015 жылғы желтоқсанда қол қойылған ҚР мен ҚХР-дың 2015-2020 жылдарға арналған Шекара маңындағы ынтымақтастық бағдарламасын «Қазақстан мен Қытайдың шекара маңындағы өңірлер арасындағы ынтымақтастығының маңызды құжаттарының бірі» деп атады. 

«Қазақстанның барлық 16 өңірі түрлі провинциялардағы қытай компанияларымен іскерлік байланыс орнатқан және бірлесіп іске асырып жатқан жобалар бар», - деп атап өтті​ А. Мамин.

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары XIV Экспо​​ «Қытай-АСЕАН»​ жұмысына қатысты және Қазақстанның ұлттық павильонын ашты. Қазақстандық павильонда отандық өндірушілердің өнімдерінің әр түрі бар 20 стенд ұсынылған.

«Қазақстанның XIV Экспо​​ «Қытай-АСЕАН»​ жұмысына қатысуы «Нұрлы жол» және «Жібек жолы Экономикалық белдеуінің», Қазақстанның, Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы мүшелерінің даму бағдарамаларын одан әрі ұштастыруға қосымша серпін береді»,​ - деп атап өтті​ А. Мамин.

ҚХР-ға сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары China​ ​ National​ ​ Chemical​ ​ Engineering​ ​ Co.Ltd,​ ​ China​ ​ General Technology​ ​ Holding​ ​ Ltd,​ ​ CITIC​ ​ Group,​ ​ Xin​ ​ Xin​ ​ Corporation,​ ​ China​ ​ Railways Engineering​ ​Group​ ​ Co,​ ​ TBEA​ ​ Heng​ ​ Yang​ ​ Transformer​ ​ Co​ ​ және басқалары сияқты ірі қытайлық компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді.  

Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында «Батыс Марка Ламб» қазақстандық ет өңдеу компаниясының төрағасы Рахымжан Исмағамбетов пен Zheng&Agrotechnology Co. Ltd қытайлық компаниясының төрағасы Ли Сианьмин ҚХР-ға қой етін экспорттау үшін 30 мың мал басын союға арналған заманауи мал бордақылау алаңын құру жөніндегі Меморандумға қол қойды. Шетел инвестицияларының көлемі $47 млн құрайды. Жоба 2018 жылы іске асырылады. Ағымдағы жылы қуаттылығы кезегіне 1,5 мың қой болатын «Батыс Марка Ламб» ет комбинаты Иранға қой етін экспорттауды бастады.

Сондай-ақ, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Мақсат Қабашев пен Silver Tiger Capital компаниясының басшысы Цуй Лунфэй $250 млн капиталдандырумен бірлескен Инвестициялық қор құру бойынша ынтымақтастық туралы Негіздемелік келісімге қол қойды.

«Aitey Group» холдингінің Басқарма Төрағасы Сейітжан Есімов пен Stone Stock компаниясының Басқарма Төрағасы Ху Цзинпэй Стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу