Б. Сағынтаев «Kazakhstan Global Investment Roundtable» инвестициялар мәселелері жөніндегі халықаралық дөңгелек үстел жұмысына қатысады

Ертең, 5 желтоқсанда, сағат 9:00-де ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен «Kazakhstan Global Investment Roundtable» ел экономикасына инвестиция салу мәселелеріне қатысты алғашқы халықаралық дөңгелек үстел өтеді.

Форумға 100-ден астам халықаралық компанияның, қаржы ұйымдарының, елшіліктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және шетелдік БАҚ өкілдері қатысады.

Дөңгелек үстел аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасарлары А. Маминнің, А. Мырзахметовтың, Е. Досаевтың, А. Жұмағалиевтің, орталық мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялар басшыларының қатысуымен келесі бағыттар бойынша пленарлық сессиялар өтеді:

  • Көлік және логистика;
  • Агроөнеркәсіптік кешенді кеңейту;
  • АХҚО: Астана — өңірдің қаржы орталығы;
  • Тау-кен-металлургия кешені;
  • Жекешелендіру: жаңа кезең;
  • Энергетика саласын дамыту келешегі.

Дөңгелек үстел сессияларының тікелей таратылымын primeminister.kz сайтынан, FacebookВконтактеTwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан және YouTube арнасынан көре аласыздар.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу