Б. Сағынтаев Lapwing Advisers компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев компанияның президенті Саймон Мюррей бастаған Lapwing Advisers Ltd өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында елімізге инвестициялар тарту және қолайлы инвестициялық ахуал құру саласындағы ынтымақтастық, сондай-ақ, компанияның Қазақстанда жүргізіліп жатқан жекешелендіру үдерісіне қатысуы туралы мәселелер талқыланды.

Lapwing Advisers Ltd — қаржы тартуға, активтерді сату немесе сатып алуға, компанияларды қайта құрылымдау бойынша кеңес беруге мамандандырылған.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу