Б. Сұлтанов «Champion Foods» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов «Champion Foods» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Б. Сұлтанов Америка Құрама Штаттарынан Қазақстан экономикасына соңғы 15 жылда шамамен $46 млрд инвестицияланғанын атап өтті. Елімізде экономиканың әртүрлі салаларында америкалық капиталдың қатысуымен 500-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді.

«Champion Foods» компаниясының өкілдері ҚР-дан АҚШ-қа агроөнеркәсіптік өнімдерді импорттауда Қазақстанмен ынтымақтастыққа мүдделілігін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан аумағында кейіннен өнімді экспорттау үшін көкөністер мен жемістерді қайта өңдеу өндірісін құру мүмкіндігін атап өтті.

«Қазақстан – инвестиция тарту бойынша аймақта көш бастап тұр. Бұл ретте экспортқа бағдарланған жоғары технологиялық өндірістер құруға баса назар аударылады. Біз "Champion Foods" компаниясының сауда саласында ғана емес, өндіріс саласында да ынтымақтастықты дамытуға деген ниетін қолдаймыз», — деді Б. Сұлтанов.

Сондай-ақ Премьер-Министрдің орынбасары «Champion Foods» өкілдерін өңделген өнімді экспорттаушыларды қолдау құралдары туралы хабардар етті.

Экспорттаушыларды мемлекеттік қолдау операторы – «QazTrade» АҚ «Champion Foods» компаниясымен Ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Меморандум аясында тараптар қазақстандық азық-түлік тауарларын шетелдік нарықтарда ілгерілету және экспортқа бағдарланған бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша бірлескен бастамаларды қолдауды жоспарлап отыр.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу