Бағдат Мусин ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Мусин Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың Баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын», — делінген Жарлық мәтінінде.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу