Бақыт Сұлтанов Алматы облысындағы көтерме-бөлшек сауда орталықтарына арналған жер телімдерін тексерді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың Алматы облысына жұмыс сапары көтерме және бөлшек сауда орталықтарының құрылысы жоспарланған нысандармен танысудан басталды. Бақыт Сұлтанов пен облыс әкімі Қанат Бозымбаев азық-түлік белдеуін нығайту және агломерацияны дамыту жолдарын талқылады. 

Премьер-Министрдің орынбасары Бақыт Сұлтанов атап өткендей, Мемлекет басшысы алға қойған басты міндеттердің бірі – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Аталмыш жобаларды жүзеге асыру бұл саланы нығайтуға зор үлес қосады.

Сапардың келесі нысаны «Шин Лайн» ЖШС балмұздақ және жартылай фабрикаттар шығаратын зауыты болды. Зауыттың іргелес аумағын абаттандыру жұмыстарының басталуына арналған шараны Бақыт Сұлтанов пен облыс әкімі Қанат Бозымбаев ашты. Көгалдандыру жобасы заманауи жобалық шешімдерді қамтиды. Күтім жүйесі адамның қатысуын болдырмайтындай етіп құрылған.  

Компания президенті Андрей Шин қонақтарды құрылыстың барысы мен іске қосылған желілермен таныстырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу