Бақытжан Сағынтаев Kazenergy форумының қатысушыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді

Бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Kazenergy форумы аясында Исландияның экс-президенті Олафур Гримсонмен,  Ресей Үкіметі Төрағасының орынбасары Аркадий Дворковичпен, «Роял Датч Шелл» компаниясының барлау және өндіру бойынша директоры Энди Браунмен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.  

Кездесулер барысында Қазақстанда Солтүстік Каспий (Қашаған), Қарашығанақ және Каспий құбыр жүргізу консорциумы бойынша бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ, жасыл энергетиканы дамыту саласында өзара іс-қимыл жасасу мәселелері талқыланды. 

Бұдан өзге, тауар айналымын ұлғайту, сауда ынтымақтастығын, Еуразиялық кеңістіктің көлік-логистикалық әлеуетін арттыру, өңіраралық және шекара бойындағы өзара іс-қимылды кеңейту, ғылым және мәдениет салаларындағы екіжақты қарым-қатынас мәселелері қаралды.  

Сонымен қатар, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасы аясында Астанада өтетін көрмеге қатысты мәселелер қозғалды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу