10 Мамыр 2018, 11:17
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бейнеконференц байланыс режимінде әлеуметтік-еңбек қызметін цифрландыру мәселесі жөнінде кеңес өткізді.
Кеңес барысында елімізде Цифрлық Қазақстан аясында электронды еңбек биржасын, электрондық еңбек келісімшарттарын және әлеуметтік-еңбек саласының Бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу бойынша үш ауқымды жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Кеңесте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. Жұмағалиев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М. Әбілқасымова, білім және ғылым министрі Е. Сағадиев, ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев және т.б. сөз сөйледі.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу