Бақытжан Сағынтаев кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев елдегі бизнес ахуалды жақсарту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының сатып алулардағы жергілікті қамту үлесін ұлғайту шаралары туралы, сондай-ақ отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі жоспарының жобасы туралы ұсыныстары талқыланды.

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу