Бақытжан Сағынтаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру жөнінде кеңес өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының 09.02.2018 ж. Үкіметтің кеңейтілген отырысында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру бойынша берген тапсырмаларын орындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Кеңес барысында Ұлт жоспарында көрсетілген, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа элементтерін, оның ішінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды, құрылыс нормалары мен ережелерінің орнына Еурокодтар жүйесін енгізу құралдары мен алға қойылған міндеттерді орындау бойынша қабылданған шаралар егжей-тегжейлі қаралды.

Инвестициялар және даму, энергетика, қаржы, ауыл шаруашылығы, мәдениет және спорт, денсаулық сақтау, білім және ғылым министрлері өз бағыттары бойынша министрліктердің жоспарлары мен қадамдарды іске асырудың қазіргі жағдайы туралы баяндады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу