Бақытжан Сағынтаев YPO өкілдерімен кездесу өткізді

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Жас президенттер ұйымының» (YPO) өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан экономикасын технологиялық жаңғырту аясында YPO компанияларымен ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды. 

Анықтама: 

Бизнес-құрылымдардың жас басшылары ұйымының негізін 1950 жылы Нью-Йоркте Рэй Хикок қалады және бастапқыда 20 қатысушыдан құралды. Негізгі критерийлер - жасы (45-тен аспаған), компанияның сату көлемі (кемінде $10 млн), сондай-ақ қызметкерлер саны (кемінде 50 адам). Қазіргі уақытта бұл ұйым әлемнің 130-дан астам елінде 24 мыңға жуық жас басшыларды біріктірді. Қазақстандық YPO 2010 жылы құрылған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу