Бақытжан Сағынтаев «Varian Medical Systems» компаниясының Президенті Жан-Люк Девлешауермен кездесу өткізді

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Varian Medical Systems» компаниясының Президенті Жан-Люк Девлешауермен кездесу өткізді.

Кездесу барысында цифрландыру және онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы аясында Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне жаңа технологияларды тарту бойынша ынтымақтастықты орнату мәселелері талқыланды.

Анықтама: Varian Medical Systems, Inc. компаниясының негізі 1948 жылы АҚШ-та қаланды, штаб-пәтері Калифорнияда орналасқан. Негізгі қызметі: онкологиялық ауруларды емдеуге арналған құрал-жабдықтарды және бағдарламалық өнімдерді жобалау, өндіру, сату және қызмет көрсету.

Қазақстанда медициналық техниканың Мемлекеттік тізілімінде бүгінде Varian Medical Systems Inc. АҚШ өндірген медициналық техниканың 5 позициясы тіркелген. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу