Бақытжан Сағынтаев Nokia аға вице-президенті Маркус Борхертпен кездесу өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Nokia компаниясының Еуропа өңірі бойынша аға вице-президенті Маркус Борхертпен кездесу өткізді. 

Шара қатысушылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ, Nokia компаниясының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы аясында жүргізіліп жатқан ҚР экономикасының салаларын цифрландыру жұмыстарына қатысу келешегін талқылады. 

Анықтама:

Nokia Corporation – мобильдік, тиянақталған, кең жолақты және ІР-желілерге арналған телекоммуникациялық жабдықтан тұратын фин трансұлттық компаниясы. Қазіргі таңда Nokia компаниясы қызметінің негізгі бағыттарының бірі – 5G жылжымалы байланысының желілеріне арналған келесі буын стандарттарын әзірлеу және қолданыстағы байланыс операторларының желілерінде оларды тестілеу. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу