05 Қазан 2017, 12:45
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі қаржыландыру тетіктері, сонымен қатар квазимемлекеттік сектор активтерін бәсекелі ортаға өткізу мен жекешелендіру мәселелері талқыланды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу