Бақытжан Сағынтаев «Kazakh Invest» ҰК директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері қаралды. Атап айтқанда, «Kazakh Invest» ҰК-ның 2017 жылдың II және III тоқсанына арналған есептері тыңдалды, сонымен қатар 2018 жылға арналған жұмыс жоспары мен жылдық бюджет талқыланып, бекітілді.

 

Анықтама: «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тапсырмасымен «Kaznex Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігінің базасында құрылды (ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 3 наурыздағы №100 қаулысы). «Kazakh Invest»-тің негізі міндеті – ҚР Үкіметі атынан ірі инвесторлармен және мақсатты трансұлттық компаниялармен бірегей келіссөз жүргізуші ретінде іс-қимыл жасау.

Негізгі міндеттерді іске асыру аясында компания 2017 жылы инвесторларды тарту және оларды сүйемелдеу бойынша бірқатар шараларды жүзеге асырған. Олардың ішінде, инвестициялық ұсыныстарды дайындау, шетелде инвестициялық брендті жасау және таныстыру, Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарын дамыту бойынша қызметтер ұсыну, халықаралық форумдарға қатысу, қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтарға экспортын арттыру жөніндегі шаралар.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу