Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» ҰБХ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Бәйтерек» ұлттық басқарма холдингі» АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысын өткізді. 

Кеңес қатысушылары «KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-ның «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның бәсекелі ортаға жіберуге тиісті еншілес ұйымдарының тізімінен шығу мәселесін талқылады. Сондай-ақ, сын-тегеуріндер бойынша есеп пен «Бәйтерек» холдингінің 2017 жылдың ІІ тоқсанындағы Ішкі аудит қызметінің есебі қаралды.

Анықтама:

«Бәйтерек» ҰБХ ҚР Президентінің Жарлығымен 2013 жылы даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру мен ұлттық экономиканы дамыту мақсатында құрылған. Холдинг 2014 жылдың соңында 11  еншілес ұйымды біріктірді.  

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу