23 Мамыр 2018, 11:49
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Отырыс барысында еліміздің денсаулық сақтау саласына шетелдік инвестицияларды тарту мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Кеңес мүшелері денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, ҚР-ның «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» жаңа Кодексінің жобасы, медициналық сақтандыру құрылымы, ашық, жоғары сапалы медициналық сатып алулар және Қазақстанда жаһандық фармацевтикалық өнім жеткізушілермен тиімді өзара іс-қимыл мәселелері туралы өз пікірлерін ұсынды.
Күн тәртібі бойынша ашық диалог барысында ҚР-дағы АҚШ елшісі Д. Крол, Канада Елшілігінің коммерциялық кеңесшісі Д. Смит, Ernst and Young компаниясының серіктесі К. Бабушкина, Baker McKenzie компаниясының серіктесі А. Ерш, Sanofi компаниясының басқарма төрағасы Р. Веларатне, PwC салық және заң жөніндегі қызметкері М. Ахерн, сондай-ақ ҚР әділет министрі М. Бекетаев пен ҚР денсаулық сақтау вице-министрі А. Цой сөз сөйледі.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу