15 Қараша 2017, 12:56
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев компания вице-президенті Эми Лин бастаған Huawei Technologies өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында компаниямен еліміздің телекоммуникация саласында бірлескен инновациялық жобаларды іске асыру мәселесі талқыланды.

Анықтама: Huawei Technologies 1988 жылы ҚХР-да құрылған, штаб-пәтері Шеньчжень қаласында орналасқан. Бүгінде әлем бойынша 12 өңірлік өкілдігі қызмет көрсетеді. Компания өнімдері әлемнің 170-тен астам еліне шығарылады.
Қазақстанда Huawei компаниясының өкілдігі 1998 жылы құрылған. Компанияның Қазақстандағы қызметі Huawei корпорациясының барлық үш бизнес-тобын қамтиды. Huawei Carrier ұялы байланыс операторларына телекоммуникациялық инфрақұрылым үшін жаңа жабдықтарды жеткізеді. Huawei Consumer тұтынушыларға пайдаланушы құрылғыларын — мобильді телефондар, планшетті компьютерлер, модемдер ұсынады. Huawei Enterprise — корпоративті клиенттерге АТ-жабдықтар мен әкімшіліктендіру процестерін оңтайландыру есебінен бизнес тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін шешімдерді ұсынады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу