Бақытжан Сағынтаев Ұлыбританияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Алан Данканмен кездесу өткізді

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ұлыбританияның мемлекеттік сыртқы істер министрі Алан Данканмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, құқықтық, мәдени-гуманитарлық салаларда, сондай-ақ, көлік, транзит және азаматтық авиация салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Анықтама:

1992 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан мен Ұлыбритания арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. 

Ұлыбритания ҚР-да жиналған тікелей инвестициялар көлемі бойынша 6-орында (12,27 млрд доллар) және өзара сауда көлемі бойынша 14-орында тұр. 

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында өзара сауда көлемі 647,4 млн АҚШ долларын құраған, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 16%-ға жоғары (543,6 млн доллар). 2016 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 1,26 млрд долларды құраған. 

Қазақстанда британдық үлестің қатысуымен 800-ден астам заңды тұлға, бөлімшелер мен өкілдіктер тіркелген. 2005 жылдан бастап 2017 жылдың 1-тоқсаны аралығында Ұлыбританиядан Қазақстанға келіп түскен тікелей инвестициялардың жалпы түсімі 12 278,2 млрд АҚШ долларын құрады.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу