Бақытжан Сағынтаев «ҚазАгро» Директорлар кеңесін басқарады

«ҚазАгро» ұлттық холдингі Директорлар кеңесінің төрағасы болып Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев сайланды, деп хабарлады «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның баспасөз қызметі. 
 
 
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 5 шешіміне сәйкес«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы сайланды»,- деп хабарланған холдинг мәлімдемесінде.
 
Естеріңізге сала кетейік, одан бұрын «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның Директорлар кеңесі төрағасы қызметін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болған Серік Ахметов атқарған еді. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу