Бақытжан Сағынтаев Румынияның сыртқы істер министрі Т. Мелешканумен кездесті

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Румынияның сыртқы істер министрі Теодор-Виорел Мелешканумен кездесу өткізді.

Кездесу барысында энергетика, машина жасау, металлургия, көлік және логистика, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіп салаларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Бұдан өзге, Қазақстан-Румын үкіметаралық комиссиясының отырысында қол жеткізілген сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша уағдаластықтарды іске асыру барысы қаралды.

Анықтама:

2017 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы сауда айналымы 440,8 млн АҚШ долларын құрады (экспорт – 415,3 млн доллар, импорт – 25,5 млн доллар).

Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша 13-ші Қазақстан-Румын үкіметаралық комиссиясы биыл қазан айында өткізіледі деп көзделіп отыр.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу