09 Қыркүйек 2025, 18:53

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шаралары қаралды. Онда ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев цифрландыруды дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі негізінде Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады. Бұл ретте инновациялық саясат жөніндегі функциялар Ғылым және жоғары білім министрлігіне беріледі.
«Жарлықтың жобасы әзірленді, қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың келісуінде жатыр. Цифрлық кодексті Парламент Мәжілісі қарап жатыр. Оны пысықтау Мәжіліс жанынан құрылған құзыреттер орталығының негізінде жүргізілуде. Кодекс жобасы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде GitHub сайтында жарияланады. Құжат Мемлекет басшысы белгілеген мерзімде қабылданады», — деп атап өтті спикер.
Оның айтуынша, «Alatau City» цифрлық қаласы бойынша жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, Smart City архитектурасы әзірленеді, сондай-ақ оның экожүйесінде криптовалютаны пайдалану үшін қажетті НҚА дайындалады.
Интеллект арқылы реттеу орталығының қызметін қамтамасыз ету үшін суперкомпьютердің қуаты және ұлттық жасанды интеллект платформасына қолжетімділік беріледі. Сондай-ақ Digital Qazaqstan бойынша тапсырма шеңберінде үлкен дайындық жұмыстары жүргізілгенін атап өткім келді.
«Орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп, 72 саланы қамтитын 19 цифрлық трансформация картасы қалыптастырылды. Оларды әзірлеу жүйелі түрде жүргізілді: мемлекеттік жоспарлаудың негізгі көрсеткіштері пайдаланылды, e-Otinish деректері ескерілді және үздік халықаралық тәжірибелер қолданылды. Барлық іс-шара мемлекеттік органдар қол жеткізуі тиіс нақты нәтижелермен тікелей байланысты. Дәл осындай тәсіл аймақтарда да қолданылады. Қостанай облысында бірінші өңірлік карта бекітілді, қалғандары осы жылдың 1 қарашасына дейін дайындалмақ. Олардың барлығы цифрлық түрлендірулердің бірлігін қамтамасыз ететін орталық органдардың карталарымен синхрондалған», — деп түсіндірді министр.
Спикердің мәлімдеуінше, мұның бәрі 2026 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған болашақ Digital Qazaqstan стратегиясының негізі болады. Министр шекара және кеден бекеттерінде интернетке қол жеткізуге қатысты бүгінде елімізде 102 өткізу пункті жұмыс істейтінін жеткізді. Олардың көпшілігі байланыспен қамтамасыз етілген.
«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының шеңберінде:
● олардың ішінде 38-іне талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу;
● барлық пункттерді Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік желісіне қосу;
● сондай ақ бақылау камераларын пункттерден Астанадағы Бірыңғай мониторинг орталығына шығаруды қамтамасыз ету жоспарлануда.
Сонымен қатар спутниктік интернетті қоса алғанда, қоғамдық WiFi нүктелерін орналастыру жоспарлануда. Ал 2026 жылы – 50 өткізу пунктін ұялы байланыспен қамтамасыз ету жоспарланған, бұл шекарадағы цифрлық инфрақұрылымды айтарлықтай күшейтеді.
Жалпы елімізде интернет-инфрақұрылымды дамыту жөнінде жүйелі жұмыс жүргізілуде:
● «соңғы миль» жобасын қоса алғанда, магистралды және аймақтық ТОБЖ салынуда;
● қалалар мен облыс орталықтарында 5G енгізе отырып, мобилді байланыс дамып келеді;
● халықаралық серіктестермен бірлесіп, спутниктік интернет жобалары іске қосылуда;
● Қазақстанның өңірлік цифрлық хаб ретіндегі рөлін нығайтатын ТОБЖ транзиттік бағыттары іске асырылуда.
«Министрлік жасанды интеллектіні дамыту үшін инфрақұрылымды белсенді қалыптастыруда. NVIDIA H200 базасында ұлттық суперкомпьютерлік кластер, АҚШ-та екі кластер іске қосылды, ал қыркүйекте “Самұрық-Қазына” тобының компаниялары үшін “Қазақтелеком” суперкомпьютері іске қосылады», — деп атап өтті спикер.
Сонымен қатар ҰАТ деректер орталықтарында мемлекеттік ЖИ-өнімдеріне арналған NVIDIA l40s үдеткіштері орналасқан. Бұл инфрақұрылым Ұлттық жасанды интеллект платформасының негізі болды.
Оның негізінде өңірдегі алғашқы KazLLM ұлттық тіл моделі, сондай-ақ қазақ тілін қолдайтын Sherkala және AlemLLM халықаралық моделдері құрылды.
Оларды оқыту үшін күн сайын 124 мемлекеттік базадан деректерді өңдейтін «Smart Data Ukimet» пайдаланылады. Бүгінгі таңда платформада қолданбалы шешімдер: көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қолдау үшін eGovAI, заңнама бойынша консультациялар үшін QazaqLaw, азаматтардың өтініштері үшін e-Otinish бот және басқа да цифрлық көмекшілер жұмыс істейді.
«Қазақстанда «ЖИ-қозғалыс» бастамасын іске асыру жалғасуда. Бес жыл ішінде біз 1 млн азаматқа жасанды интеллект дағдыларын үйретеміз. Оқушылар мен студенттер үшін TUMO, Tomorrow School, AI Sana және AI OLYMP бағдарламалары, сондай-ақ Day of AI бастамасы енгізілуде. Мемлекеттік қызметшілер үшін AI Qyzmet бағдарламасы жұмыс істейді, квазимемлекеттік секторда AI Corporate іске қосылады, ал ауқымды аудитория үшін Tech Orda және Qazqoders және Yandex курстарын қоса алғанда, онлайн-курстар мен акселерациялық бағдарламалар қолжетімді», — деп түсіндірді министр.
Елімізде халықаралық alem.ai ЖИ орталығын құруға ерекше көңіл бөлінуде, ол білім, ғылым, бизнес және мемлекеттік технологияларды біріктіреді. Оның қабаттары ашық кеңістіктерге, оқушылар мен студенттерді оқытуға, стартаптар мен акселерацияға, ғылыми зерттеулерге және мемлекеттік басқарудағы цифрлық шешімдерге арналған орталыққа бөлінеді.
Орталықтың ашылуы биылғы қазан айында Digital Bridge аясында өтпек. Бүгінгі таңда жасанды интеллект технологиялары экономиканың барлық негізгі саласына енгізілуде. Құрылыста бухгалтерлік есеп пен жоспарлау үшін бірыңғай цифрлық платформа іске қосылады.
Агросекторда – спутниктік мониторинг арқылы жерлер мен өнімділікті бақылау.
Геология мен су саласында – ресурстарды тиімді басқаруға арналған цифрлық платформалар бар.
Жеке бағыт – киберқауіпсіздік, онда киберқылмыстарға қарсы іс-қимылдың зияткерлік жүйесі енгізіледі.
Көлік пен логистикада Smart Cargo жүйесі, медицинада – қызмет сапасының мониторингі, кәсіпкерлікте – әкімшілендіру және құжат айналымы үшін ЖИ жүйесі құрылады.
Барлық бастама салалардың мемлекеттік органдарымен ынтымақтастықта әзірленеді. Мемлекет басшысының криптоиндустрияны дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Министрлік бірнеше бағытта жұмыс жүргізуде.
Негізгі бағыттардың бірі – заңнамалық бастамаларды іске асыру, онда Министрлік криптоиндустрияны либерализациялау және цифрлық майнинг индустриясына инвестиция тарту бойынша түзетулер әзірледі.
Атап айтқанда, түзетулер мыналарды:
● ҚР аумағында шығарылым мен айналымды заңдастыруды;
● ҚР аумағында криптоайырбастаудың лицензиялануын енгізуді;
● АХҚО-да майнерлер өндірген цифрлық активтерді сату туралы міндеттемені алып тастауды;
● сондай-ақ электр станцияларын жаңғырту бойынша «70/30 бағдарламасы» жобасын іске асыруды қамтиды.
#Президенттің тапсырмасы #Цифрландыру #Үкімет отырысы«Сонымен қатар Министрлік Қазақстанда криптоиндустрияны дамытуға бағытталған бірқатар бастаманы іске асыруда. Негізгі жобалардың ішінде: CryptoCity, мемлекеттік майнинг, криптофонд, ұлттық валютадағы стейблкоин, нақты активтерді токендеу бар», — деп түйіндеді сөзін Жаслан Мәдиев.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу