11 Желтоқсан 2017, 07:00
Үкіметтің баспасөз орталығында денсаулық сақтау саласын ырықтандыру мәселелеріне арналған брифинг өтті. Бизнесті қолдау үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қабылданып жатқан шаралар туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары Берік Шәріп айтып берді.
«Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында Үкіметке бизнесті қайта реттеу бойынша жүйелі шаралар әзірлеу міндеті тапсырылды. Осы тапсырманы орындау мақсатында Комитет бизнес үшін әкімшілік тосқауылдарды және санэпидқадағалау саласында жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша едәуір жұмыс атқарды», - деді Берік Шәріп.
Жылдың басынан бері Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау, білім беру және көрсетілетін қызметтер саласындағы ескірген және қайталанатын 29 санитариялық қағиданың күшін жойды.
Бұдан өзге, субъектілердің атаулары бір топтарына қолданылатын жекелеген тексеру парақтары әзірленіп, бекітілді. Осы ұсынымдарды іске асыру үшін қызмет салалары бойынша 41 тексеру парағы қабылданды. Сонымен қатар, тексеру парақтарында талаптардың 6,3 есе қысқартылғанын және тек процестер мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігіне әсер ететін талаптарды ғана қамтиды.
«Бизнесті тексерулер саны 1,7 есе қысқартылды, бұл 1500 денсаулық сақтау объектісін және 400 зертхананы бақылаудан алуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті Б. Шәріп.
Оның айтуынша, екі жыл ішінде осындай шаралар тәуекелдерді эпидмаңыздылығы бойынша қайта сыныптау есебінен берілген рұқсат ету құжаттарының санын екі есеге қысқартуға мүмкіндік берді. Оның ішінде 2017 жылдың 9 айының ішінде рұқсат ету құжаттарының саны 15%-ға қысқарды.
Денсаулық сақтау саласында жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін дәрілік заттарды дайындайтын объектілерге қойылатын талаптар 4,6 есеге, стаматологиялық қызметтер көрсететін объектілерге қойылатын талаптар 2,2 есеге, амбулаториялық-емханалық және консультациялық-диагностикалық көмек және стационарлық көмек көрсететін объектілерге қойылатын талаптар 1,4 есеге және 1,3 есеге қысқарды. Сонымен қатар басқа НҚА-дегі қайталанатын талаптарды алып тастау бойынша жұмыс жүргізілді.
Баспасөз конференциясы барысында атап өтілгендей, бүгінгі күні қоғамдық тамақтану объектілері үшін 50 отыратын орыннан кем және сауда объектілері үшін 50 шаршы метрден кем объектілер бақылаудан шығарылды. Бұл ұсақ объектілер эпидемиологиялық тәуекелі елеусіз топқа шығарылды – бұл дәмханалар, тандыр пісіретін, шағын дәмханалар, бистро. Сонымен қатар шағын көтерме сауда объектілері толығымен бақылаудан алынды, осылайша көтерме сауда қоймалары назарға алынды, себебі барлық өнім сол жерге түсіп, содан кейін сауда орындарына жіберіледі.
Сауда саласында камералдық бақылау және өнімдерді іріктеп алу жүргізілетінін ескерген жөн. Яғни, мақсатты түрде тексеруге сапасыз өнім анықталған объектілер тексеріске алынады. Ерекше тәртіп бойынша бақылаудың осыған ұқсас балама түрлерін одан әрі енгізу есебінен тексерулер саны екі есеге қысқарды.
Қорытындылай келе Берік Шәріп бизнесті қайта реттеу процесінің мемлекет, кәсіпкерлер мен тұтынушылардың мүдделерінің тең сақталуын ескере отырып, халық үшін қауіпсіздік және қолайлылық деңгейін төмендетусіз өтетінін атап өтті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу