Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында өңдеу өнеркәсібін дамыту және жекешелендіру барысы қаралды

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтті.

Отырыс барысында Жекешелендірудің 2016–2020 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүргізу, өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлікті қолдау шараларын дамыту мәселелері, сондай-ақ, өңірлерде инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын іске асыру барысы қаралды.  

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың ведомствоға қарасты ұйымдарының санын азайту есебінен, жекешелендіру жоспарын іске асыруды жылдамдатуды тапсырғанын еске сала кеткен жөн. 2016 жылдан бастап қазіргі таңға дейін сатылымға 532 нысан шығарылған, оның 465 нысаны 296 млрд теңгеге сатылды. 96 нысан сату алдындағы әзірлікте. 287 нысан қайта құру мен таратуға бағытталған, оның ішінде 160-ы қайта құрылған және таратылған.

ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия консультативтік-кеңестік орган болып табылады. Отырыстардың мақсаты — Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру мәселелері бойынша шешімдерді пысықтау және қабылдау. Мемлекеттік комиссия отырысында қаралатын мәселелер елдің тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етуге және экономиканы жаңғыртуға бағытталған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу