Сараптама кеңесінің отырысында өңірлерде мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мәселелері қаралды

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Экономика жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында өңірлерде мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту мәселелері, сондай-ақ 2019 жылға арналған экономикалық күн тәртібі талқыланды.

МЖӘ жүйесіне қатысты ұсыныстар пакеті бойынша «Салық төлеушілер қауымдастығының» басқарушы кеңесінің төрайымы Ж. Ертілесова сөз сөйледі. Мәселені талқылауға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, «Қазақ мұнай және газ» АҚ бас директорының кеңесшісі Ж. Күлекеев, «Сентранс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Е. Әбдіразақов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А. Мырзахметов, «Ракурс» экономикалық талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры О. Жандосов, «Oil Gas Project» ЖШС директоры Ж. Ахметов, «Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Ү. Шаяхметова, «Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры М. Махмұтова, «Астана» халықаралық ғылыми кешені» орталығының басшысы А. Боранбаев және т.б. қатысты.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидасын тиімді қолдану мәселесі жөніндегі зерттеу аясында өңірлерде жергілікті атқарушы органдардың, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ өкілдерімен, кәсіпкерлермен және сарапшылармен көшпелі кеңестер өткізілді. Бұған қоса, ҚР ҰЭМ жанынан салалық мемлекеттік органдардың өкілдерінен, сарапшылардан және бизнес өкілдерінен құрылған МЖӘ дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобы құрылған. Соның нәтижесінде аталған бағыттағы жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірленген.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу