Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында ЕАЭО периметріндегі сауда жолдарын әртараптандыру мәселелері талқыланды

23 қыркүйекте Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің кезекті отырысында ЕАЭО-ға қатысушы елдер үшін маңызды бірқатар мәселелер талқыланып, шешімдер қабылданды. Қазақстандық делегацияны ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин басқарды.

Отырыстың күн тәртібіне мемлекеттік сатып алу, өзара сауда, техникалық, кедендік және салықтық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық бақылау, өнеркәсіп, энергетика, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық салаларын қозғайтын 60 мәселе енгізілді. 

ЕАЭО периметріндегі сауда жолдарын әртараптандыруға бағытталған маңызды мәселелердің бірін Қазақстан тарапы көтерді. Бұл кеме қатынасы туралы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті құжаттарды қабылдау. Құжатқа 2019 жылы Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында қол қойылды. Кейін Келісім Қазақстан, Армения, Қырғызстан және Ресей Федерациясында ратификацияланды. Кеме қатынасы туралы келісімнің Қазақстан флотының ашық теңізге шығуы үшін стратегиялық маңызы бар. Бүгінде Қара теңіздегі порттардан қазақстандық порттарға дейінгі жүктер Волга-Дон кеме қатынасы каналы арқылы транзитпен жеткізіледі. Кеме қатынасы туралы келісім Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша Ақтау және Құрық порттарының транзиттік әлеуетін ынталандыруға, сондай-ақ Ресей Федерациясының Ішкі су жолдарымен Қара және Жерорта теңіздерінің порттарына дейін жүктерді тасымалдауға қызмет етеді. Бұл Ресей Федерациясының ішкі су жолдарымен өтудің жеңілдетілген тәртібін қамтамасыз етеді.

«Өзен кеме қатынасын дамыту дәстүрлі сауда жолдарын әртараптандыруға мүмкіндік береді, басқа да дәстүрлі көлік түрлерімен қатар қазақстандық экспорт үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», - деді Серік Жұманғарин. 

Оның айтуынша, келісімді жүзеге асыру Ресей Федерациясының ішкі су жолдары бойынша өтуге келісім алу мерзімін 6 айдан 10 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді. 

Сауда және интеграция министрі қабылдау қажеттілігін тұжырымдамалық түрде анықтап, қажетті құжаттарды келісуді жеделдетуді ұсынды.

ЕЭК Кеңесінің отырысы аясында, басқа мәселелермен қатар, жеке тұлғалардың интернет-саудасы арқылы сатып алатын 1000 евро мөлшеріндегі тауарлар үшін бажсыз әкелу лимитін 2023 жылғыдың 1 сәуіріне дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.

Тараптар кезекті отырысты осы жылдың 7 қазанында бейнеконференция режимінде өткізуге келісті.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу