2023 жылдың 15 қаңтарына дейін 3 млн-нан астам азаматты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету үшін өңірлік жұмыспен қамту картасы әзірленеді — ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау

ҚР Үкіметінің отырысында Президент Қ. Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын және 2022 жылғы 12 желтоқсандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаладны іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады.

Сайлауалды бағдарламаны және Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 3 бағыт бойынша жұмыс жүргізетін болады.

Бірінші – жұмыспен қамту

2023 жылдың 15 қаңтарына дейін 7 жылда 3 млн-нан астам азаматтарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету үшін орталық мемлекеттік және жергілікті әкімдіктермен бірлесіп өңірлік жұмыспен қамту картасы әзірленеді. Картада әр өңірдің жылдық жұмыспен қамту индикторлары белгіленетін болады.

«Әрбір ашылған жұмыс орны бойынша мониторинг Электрондық биржада жүргізіліп, зейнетақы жарналары мен еңбек шарттарымен расталатын болады. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында жұмыс күшінің тапшылығы бар өңірлерге азаматтарды тартудың жаңа механизмдерді жүзеге асырылады.  Мұндағы негізгі шарт – жұмыс орнының болуы және баспанамен қамтамасыз ету мүмкіндігі. Бұл шараларға азаматтардың қолжетімділігін арттыру және уақытылы ақпаратандыру мақсатында өңірлерде мобильді жұмыспен қамту, жылжымалы жәрмеңке және жылжымалы оқулар жобаларын іске асырмақпыз», — деді Т. Дүйсенова.

Екінші  Жаңа әлеуметтік саясат

Жаңа әлеуметтік саясаттың  негізін қалайтын Әлеуметтік Кодекс жобасы биыл Парламент қарауына жіберіледі. 

«Келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап отбасының Цифрлық картасы енгізіледі және  біздің саладағы негізгі қызметтер проактивті форматта көрсетілетін болады. Мемлекеттік қолдау отбасылық цифрлық карта негізінде анықталған отбасының немесе  азаматтың әл-ауқат дәрежесіне қарап атаулы шара ретінде берілетін болады», — деді Т. Дүйсенова.

Бүгінгі таңда әлеуметтік төлемдерінің мөлшерін көбейту бойынша 4,6 млн азаматтың әлеуметтік макеттерін қайта қарау, зейнетақы және жәрдемақы мөлшерлерін қайта есепетеу жұмыстары аяқталды. Оның ішінде, бала күтімі бойынша төлем мерзімін 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұзартуға, 1 жастан 6 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға берілетін кепілдендірілген әлеуметтік пакет заттай түрден ақшалай форматқа ауыстырылуына, базалық және еңбек зейнетақыларын көтеруге  қажетті қаражаттар да қарастырылды.

Үшінші бағыт – еңбек дауларының алдын алу 

2023 жылдың 1 сәуірінен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы тәуекелдердің алдын алу және уақтылы бағалау мақсатында тәуекелдерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі - Цифрлы ситуациялық орталық іске қосылады.

«2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бір жарым мыңнан астам стандарттар қайта қаралып, жаңа еңбек стандарттарының жүйесі  енгізілетін болады. 2023 жылғы 20 қаңтарға дейін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленеді. Келесі жылдың 1-ші жартыжылдығында Еңбек кодексіне тиісті өзгерістер енгізіле отырып, жазатайым оқиғаны тергеу кезінде қызметкердің кінәсінің дәрежесін айқындау тетіктері қайта қаралады. 2023 жылы мемлекет, бизнес және жұмысшылардың әлеуметтік серіктестігінің тиімділігін арттыру мақсатында «Кәсіподақтар туралы» заңға қажетті өзгерістер енгізіледі», — деп түйіндеді Т. Дүйсенова.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу