Қазақстанда МЖӘ дамытуға арналған жобалардың бірыңғай базасы жұмыс жасайды

Бүгін ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясы аясында «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ вице-президенті Айдос Көбетов Қазақстанда МЖӘ жобаларының бірыңғай базасы іске қосылғанын мәлімдеді.

«Өнеркәсіптік пайдалану жобаларының базасы биыл шілде айында іске қосылған. Ол Үкімет тапсырмасымен әзірленген болатын. База еліміздің орталық өңірлерінің тәжірибесін өзге өңірлерге тарату мақсатында құрылған», — деді А. Көбетов.

Базаны МЖӘ орталығы ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып әзірленген. Ол ҰЭМ сайтында, сондай-ақ, МЖӘ орталығының сайтында жарияланған. Бүгінде онда барлық 547 жоба орналастырылған. База барлығына қолжетімді. Сонымен қатар онда келесі ақпарат: жобалардың атауы мен сипаты, олардың құны, мерзімі және жауапты тұлғалардың есімдері жазылған.

Бұдан өзге, МЖӘ жөніндегі заңнаманы жетілдіру аясында келесі өзгерістер жоспарланған: МЖӘ жобаларын жоспарлау мерзімдерін 7 айдан 3 айға дейін қысқарту, МЖӘ жобаларын қазынашылық тіркеу жүйесін енгізу, МЖӘ типтік келісімшарттарының жаңа формалары. Сондай-ақ, аталған өзгерістер аясында медициналық жабдық лизингі, емхананы сенімгерлікпен басқару, мектептерге сервистік қызмет көрсету және күрделі жөндеу жұмыстары қарастырылған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу