Цифрландыру есебінен қосымша түсімдер 410 млрд теңгені құрады

Қаржы министрлігі мемлекеттік қаржыны бірыңғай цифрлық жүйеге көшіруде. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы Үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Такиев мәлімдеді.

Оның айтуынша Smart Data Finance жүйесі арқылы 99 мың хабарлама жолданып, 2,9 млн транзиттік декларация ресімделген. Ол ең бастысы цифрландыру нақты қаржылық нәтиже беріп отырғанын, цифрландыру есебінен қосымша түсімдер 410 млрд теңгені құрағанын атап өтті.

«Біздің міндетіміз — жекелеген процестерді жай ғана автоматтандыру емес, мемлекеттік қаржыны басқарудың бірыңғай жүйесін құру. Бұл жүйеде әрбір шешім деректерге негізделіп қабылданады, ал әрбір теңге жоспарлануынан бастап нақты пайдаланылуына дейін ашық әрі бақыланатын болады. Digital Qazaqstan стратегиясы шеңберінде 2029 жылға дейін бұл тәсіл мемлекет, бизнес және азаматтар үшін барлық негізгі бағыттарға қолданылатын болады. Бұл трансформацияның негізгі элементтерінің бірі — Мемлекеттік кірістер комитетін фискалдық деректер фабрикасына айналдыру. Бүгінде салық жүйесі мүлдем жаңа ауқымда жұмыс істеуде: 3,9 млрд операция жүзеге асырылды, 1,8 млрд шот-фактура жазып берілді, тәуекелдерді басқару жүйесі арқылы 17,7 млрд құжат өңделді. Smart Data Finance жүйесі арқылы 99 мың хабарлама жолданып, 2,9 млн транзиттік декларация ресімделді. Ең бастысы — цифрландыру нақты қаржылық нәтиже беріп отыр. Цифрландыру есебінен қосымша түсімдер 410 млрд теңгені құрады», — деді министр. 

Яғни деректер енді тек бақылау құралы ғана емес, сонымен қатар бюджеттің қосымша кіріс көзіне айналуда. Дербес бағыттардың бірі — экономикалық белсенділікті көлеңкелі айналымнан шығару. 2026 жылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін арнаулы салық режимі қолданысқа енгізілді. Оның шеңберінде цифрлық платформа салық агенті ретінде әрекет етіп, 4% мөлшеріндегі әлеуметтік төлемдерді ұстап қалады. Министрдің сөзінше бұл жұмыс «Яндекс» платформасынан басталып, бүгінде Indrive, Wolt, Glovo және басқа да платформаларды қоса алғанда, 38 платформа қосылған. Нәтижесінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың саны 14,5 мыңнан 805 мың адамға дейін өсті, ал әлеуметтік төлемдер 1,4 млрд теңгеден 16,1 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

Бұл ретте 600 мыңнан тіркелмеген тұлға ресми экономикалық айналым аясында қосылды. Осылайша, цифрландыру экономикалық қызметті бақылаумен ғана шектелмей, азаматтар мен бизнеске қосымша әкімшілік жүктеме түсірмей, экономикалық қызметті заңдастыруға мүмкіндік береді.

«Келесі маңызды қадам — мемлекеттік шығыстарды цифрландыру. Бүгінде мемлекеттік шығыстар бюджет қаражатын жоспарлаудан және мемлекеттік сатып алулардан бастап, қазынашылық атқару мен онлайн-мониторингке дейінгі барлық кезеңді қамтитын бірыңғай цифрлық контурға біріктірілді. Бұл әрбір теңгенің қозғалысын қадағалап, оның тиімді пайдаланылу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Бюджетті жоспарлау кезеңінің өзінде фискалдық деректерді пайдалану есебінен жыл сайын 200 млрд теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік туды. Алайда ең маңызды нәтиже — кейіннен бақылаудан шығыстарды алдын ала басқаруға көшу. 2027–2029 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде 1,5 трлн теңге шығыстың алдын алынды. Яғни, цифрландыру тиімсіз шығыстарды табуға ғана емес, олардың алдын алуға мүмкіндік береді», — деді министр.

Ведомство басшысының баяндауынша келесі кезең — мемлекеттік органдардың цифрлық шешімдерін шығыстарды басқарудың бірыңғай жүйесіне біріктіру. Бүгінде бұл цифрлық шешімдер білім беру, денсаулық сақтау, жер қойнауын пайдалану, энергетика, тауарларды таңбалау және басқа да бағыттарды қамтиды.  Мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен мақсаттылығын бақылауға ерекше назар аударылуда. Бірыңғай цифрлық контур шеңберінде жылына 1 трлн теңгеден асатын 150 мемлекеттік қолдау шарасы бақыланады. Министрліктің міндеті — мемлекеттік қолдаудың атаулылығын және тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекет салынған әрбір теңгеден қандай нәтиже алатынын нақты бағалау.

Сонымен қатар келесі қағидат — салық төлеушіні бақылау тәсілінен мемлекет пен бизнес арасындағы сервистік өзара іс-қимыл моделіне көшу. «Сервис ретіндегі салық» қағидатын жүзеге асырылуда. 2026 жылғы қаңтардан бастап қосылған құн салығы бойынша декларацияның 13 жолы автоматты түрде толтырылады, мемлекеттік қызметшілердің декларациялары алдын ала толтырылады, ал мүлік салығы автоматты түрде есептеледі. «Контрагенттер» сервисі мәміле жасалғанға дейін серіктесті тексеруге мүмкіндік береді. Және де шағын және орта бизнеске арналған жеңілдетілген есептілік нысандары және еңбекақыдан ұсталатын салықтарды автоматтандыру іске қосылуда. Бұл шешімдер eGov, Бірыңғай жеке кабинет және екінші деңгейдегі банктер арқылы кеңейтілуде. Негізгі мақсат — салық төлеушінің күрделі есептіліктен босату, мемлекет қажетті деректерді өзі қалыптастырып, кәсіпкерге оларды тек растау мүмкіндігін беру көзделуде.

Ал перспективалық мақсат — есептілікті «бір батырма арқылы» тапсыруға көшу. Цифрлық трансформациялаудың келесі деңгейі — жасанды интеллект. Бүгінде жасанды интеллект тексеру жүргізілгенге дейінгі кезеңнің өзінде қолданылады. Камералдық бақылаудан бөлек, 672 қосымша тәуекел қалыптастырылды. Бұл ретте негізгі міндет — тексеру санын көбейту емес, бақылауды барынша дәл әрі нысаналы ету. Аталған тәуекелдердің бір бөлігі тікелей eGov Business және Бірыңғай жеке кабинет жүйелерінде көрсетілетін болады. Бұл бизнеске мемлекеттік органдар тарапынан туындауы мүмкін мәселелерді алдын ала көруге, тәуекелдің себептерін түсінуге және тексеру іс-шаралары басталғанға дейін бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік береді. Осылайша, жасанды интеллект бақылаудың тиімділігін арттырып қана қоймай, адами фактордың әсерін азайтып, мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылдың ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

2029 жылға дейін алдымызға нақты әрі өлшенетін мақсаттар қойып отырмыз. Біріншіден, көлеңкелі экономиканың деңгейін 2028 жылы 13,8%-ға дейін төмендету. Екіншіден, жасанды интеллектіні пайдалана отырып, шағын және орта бизнестің салықтық міндеттемелерінің кемінде 80%-ын алдын ала толтыруды қамтамасыз ету. Үшіншіден, тәуекелге бағдарланған тәсіл арқылы адал салық төлеушілерге жүргізілетін тексерулер санын 50%-ға қысқарту. Қаржы министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес осы жұмысты жалғастырып, мемлекеттік қаржының бірыңғай цифрлық экожүйесін кезең-кезеңімен қалыптастыратын болады.  

#Цифрландыру #Қаржы #Үкімет отырысы #Әлеуметтік қорғау

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу