25 Қаңтар 2022, 12:29
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында батыс өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарлары қаралды. Атырау облысында жоспардың қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтып берді.
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов атап өткендей, жалпы, Кешенді жоспардың нақтыланған жобасы ҰЭМ және барлық орталық мемлекеттік органдармен келісілді. Кешенді жоспар жобасы жалпы сомасы 8,9 трлн теңгені құрайтын 185 іс-шараны қамтып отыр. Нәтижесінде республикалық бюджеттен 535,8 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 112,6 млрд теңге, басқа қаражат көздерінен 8,3 трлн теңге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 14,3 млрд теңге қарастыру жоспарлануда.
«185 іс-шара 15 бағытта жүзеге асырылады. Атап айтқанда, экономикалық даму бағыты бойынша: өнеркәсіп, ауыл және балық шаруашылығы, туризм, кәсіпкерлікті дамыту салаларында 8 трлн теңге көлемінде 78 іс-шараны іске асыру қолға алынады. Жалпы құны 728,8 млрд теңгені құрайтын 66 іс-шара тұрғын үй, су, газ, электрмен жабдықтау және транспорттық инфрақұрылым мен экология мәселерін шешуге бағытталған», — деді облыс әкімі.
Әлеуметтік сала, жұмыспен қамту және азаматтық қорғауды қамтамасыз ету бағыты бойынша 41 іс-шара енгізіліп отыр, жалпы жоспарланып отырған қаражат 223,8 млрд теңгені құрайды. 2022 жылға жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 98 млрд 900 млн теңге талап етіледі, оның ішінде бюджетте бекітілген сома 31 млрд 900 млн теңгені құрайды.
Кешенді жоспар аясында жоспарланған бюджет қаражаты толықтай бөлінген жағдайда 2025 жылдың соңына қарай келесідей нәтижелерге қол жеткізу жоспарланған:
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу