15 Ақпан 2022, 14:41

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов «Нұр-Сұлтан қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ мен Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының ынтымақтастығы аясында құрылған «Бақытты отбасы» білім беру ақпараттық-консультативтік орталығында болды.
Орталықта 10 мамандыққа оқытады, сондай-ақ психолог, заңгер, дәрігер-терапевт және педиатрдың консультациялық қызметтері, арнайы дағдыларды үйрету, жеке өсу мен ынталандыру тренингтері, тайм менеджмент бойынша түрлі курстар өткізіледі. Оқытудың негізгі мақсаты — тұлғаның адамгершілік-рухани дамуы, конструктивті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, отбасылық қарым-қатынастарды құру, кәсіби дағдыларды дамыту.

Кездесу барысында Ералы Тоғжанов орталықтың қызметімен танысып, көп балалы аналарды, жалғыз басты, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарды қолдау және оларды белгілі бір мамандықтарға оқыту, олардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі жұмыстың негізгі әдістері талқыланды. Бүгінгі таңда орталықта 1400-ден астам әйел тіркелген.
Премьер-Министрдің орынбасары орталық тыңдаушыларымен кездесулер өткізді, олардың аталған бағыттың қызметін дамыту жөніндегі ұсыныс-тілектерін тыңдады.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша осы бағытқа жауапты мемлекеттік органдарға Нұр-Сұлтан қаласындағы «Бақытты отбасы» білім беру ақпараттық-консультативтік орталығын одан әрі дамыту жөнінде тапсырмалар берілді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу