21 Шілде 2021, 18:27
Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысы өтті. Отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың а.ж. 19 шілдедегі елдегі эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының орындалуын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Вице-премьер мемлекеттік органдар өкілдерінің баяндамаларын тыңдап, қысқа мерзімде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша келесі шараларды қабылдауды тапсырды:
Ералы Тоғжанов мониторинг топтарының жұмысының маңыздылығын атап өтіп, ҚР ІІМ мен әкімдіктерге осы бағыттағы жұмысты жандандыруды тапсырды. Бұдан басқа, ВАК «Ashyq» арқылы тіркелген қоғамдық орындарға баратын «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдарға қатысты шараларды қатаңдату туралы шешім қабылдады. Енді карантин режимін «қызыл» мәртебесі бар бұзушылардың есімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Сондай-ақ, вице-премьер Е.Тоғжанов мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдіктеріне вакциналау тұрғысынан түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирус инфекциясынан вакциналаумен қамтуды арттыру туралы нақты тапсырмалар берді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу